Облыстық жол қозғалыс жас инспекторлары слетінің қорытындысы

2025 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Өскемен қаласының «№11 мектеп-лицейі» базасында жас инспекторлар қозғалысы жасақтарының облыстық слетін өткізді.

Облыстық слетіне Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 11-14 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан 10 команда жас инспекторлары қатысты.

Жол қозғалыс жас инспекторлары келесі байқауларда өз дағдыларын көрсетті:

— жол жүру ережелерінің білгірлері;

— велосипедті мәнерлеп тебу;

— жас реттеуші;

— жас санитар;

— үгіт-насихат бригадаларының конкурсы;

— білгірлер сайысы.

Сайыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1 орын – Өскемен қаласының «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ жасағы;

2 орын – Риддер қаласының «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ жасағы;

3 орын – Самар ауданының «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ жасағы.

Барлық жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!