Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылдың 18-21 мамыры аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ШҚО командасы  10 жүлделі орынға ие болды: І орын – 1, II орын – 3, III орын — 6 оқушы.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Ноғайбаев Теміршын (география) марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальдармен:

— Васюкова Ульяна — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

— Кеңесова Айзада — Тарбағатай ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

— Таирбергенов Глеб — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (география) марапатталды.

ІII дәрежелі дипломмен және қола медальдармен:

— Байкен Асыларман — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы (информатика);

— Акилжанов Богдан — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия);

— Айнабеков Денис — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі  8 сынып оқушысы (химия);

— Кажибеков Ануар — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің  7 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

— Самсонова Тамила — Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

— Шанк Дарья — Үлкен Нарын ауданы Алтынбел орта мектебінің 8 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) марапатталды.

Республикалық олимпиадада ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына:

— Оралғазы Алидар — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің  8 сынып оқушысы (физика);

— Нурлан Алижан — Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің  7 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

— Серікұлы Нұрәли — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы (биология);

— Ержанов Нияз — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы (биология);

— Нұрланұлы Рахыман – Зайсан ауданы Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы) ие болды.

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!