8 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2025 жылдың 20-21 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсынақатысты.

Конкурстың мақсаты: жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған тарихи білімді, дүниетанымды және өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы» номинациясында Зайсан ауданының «Қаратал орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Бақытханқызы Назерке ІІ орынды иеленіп, арнайы диплом және кітаппен марапатталды. «Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша иллюстрациялық суреттер салу» номинациясында конкурста көрсеткен ерекше жетістігі үшін Тарбағатай ауданының «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Ерболатұлы Ақбар арнайы грамотамен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!