2025 жылдың 16 мамырында Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, жаратылыстану ғылымына баулу.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 3-6 сыныптардың 21 оқушысы – облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша — 7 қатысушы жүлделі орындарға ие болды ( I орын — 2 , III орын — 5 оқушы, грамота — 2 оқушы).
Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және барлық қатысушыларға «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің сертификаттары табысталады.
Республикалық математикалық олимпиаданың жеңімпаздар тізімі https://altynsaqa.online/register-manager порталында орналасқан.