2025 жылғы 14-16 мамыры күндері Шығыс Қазақстан облысының командасы Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауына қатысты.
Жансүгіров оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:
— «Ілияс – эпик ақын» – шығарманы жалғастыру номинациясы;
— «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап!» – жас ақындар номинациясы;
— «Ілияс – қарасөз шебері» – көркемсөз оқу номинациясы;
— «Сұлу сөздің сүлейі» – шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы;
— «Заманның заңғар тұлғасы» – буктрейлер номинациясы.
Байқау қорытындысы бойынша Зайсан ауданының М. Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ермекова Сабина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сабина мен оның жетекшісін және ата-анасын жетістігімен құттықтаймыз!