2025 жылдың 15 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалықолимпиада https://еxam.daryn.kz/ платформасында «бір оқушы-бір компьютер-бір камера» қағидаты бойынша Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің базасында өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 4 қатысушы жұлдегер атанды.
II дәрежелі дипломмен Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 6 сынып оқушысы Қасымқан Ботагөз (қазақ тілі мен әдебиеті) марапатталды.
III дәрежелі дипломдармен:
— Путилин Марк — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (жаратылыстану);
— Саветбеков Арнұр — Самар ауданы Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
— Задорожний Тимур — Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
— Вольваков Демид — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (жаратылыстану) марапатталды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар:
— Мұхтаров Нұрислам — Өскемен қаласындағы №42 орта мектебінің 5 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
— Ким Екатерина — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);
— Шумцев Федор — Катонқарағай ауданы С. Ластаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);
— Бүркітбай Ұлан — Глубокое ауданы Жаңа Ертіс орта мектебінің 6 сынып оқушысы (жаратылыстану);
— Васильева-Василькова Алиса — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);
— Маслова Дарья — Алтай ауданы Алтай қаласының №7 орта мектебінің 6 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі).
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!