2025 жылғы 15-16 мамыры күндері Павлодар облысының Екібастұз қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында V республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары»байқауы өтті.
Байқау 5 бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»;
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»;
ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»;
IV бағыт – «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар»;
V бағыт – «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар».
Байқау қорытындысы бойынша Зайсан ауданының «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 9 сынып оқушысы Кажигереева Кәусәр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кәусәр мен оның жетекшісін және ата-анасын жетістігімен құттықтаймыз!