«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПРАКТИКА: БОЛАШАҚ КӨКЖИЕКТЕРІ» оқушылардың облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

2025 жылғы 15 мамырда Өскемен қаласында балалардың ғылымға ерте жастан қызығушылығын арттыру бағдарламасы аясында (2024 жылғы 24 қазандағы ҚР БҒМ №317 бұйрығымен бекітілген) «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПРАКТИКА: БОЛАШАҚ КӨКЖИЕКТЕРІ» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференция қатысушыларға зерттеуге, шабыт алуға және ғылым әлеміне енуге бірегей мүмкіндік берді.

Конференцияның негізгі мақсаттары: Шығыс Қазақстан облысындағы талантты, қабілетті, шығармашылық және бастамашыл оқушыларды анықтау, жас зерттеушілер арасында ғылыми білім мен тәжірибе алмасу, зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми жұмыстар мен өзара әрекеттестікті дамыту.

Конференцияны Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бірлесе отырып ұйымдастырды.

Конференцияға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жетекші ғалымдары мен оқушылары, мектеп мұғалімдері — ғылыми жетекшілері, студенттер, облыстық ғылыми және шығармашылық жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналды.

Пленарлық отырыста мектеп оқушыларына ақ тілек білдіргендер дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры, т.ғ.к. Рахимжанова Г.Б.; «Ульба» дағдарыс орталығының директоры, «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалындағы Әйелдер қанатының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Аубакирова С.М.; Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің директоры, PhD Уазырханова Г.К.

Конференцияның негізгі бөлігі 8-11-сынып оқушыларының ғылыми баяндамалары келесідей тақырыптық секциялар: математика және жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, экономика, қаржы, бизнес, гуманитарлық ғылымдар және басқа салалар бойынша секцияларда өз жұмыстарын қорғады. Барлық баяндамалар мақала түрінде рәсімделіп, конференция материалдарының жинағында жарияланды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ сарапшылары мектеп оқушыларының ғылыми мақалаларына талдау жүргізіп, алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге өз ұсыныстарын білдірді.

Конференцияның бағдарламасына сонымен қатар: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерінің, «Зерде» 2-7 сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жобаларының көрмесі; университет орталықтары мен зертханаларына экскурсия кірді.