2025 жылғы 11-14 мамыр аралығында Тараз қаласында М. Өтелбаев атындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған математикадан республикалық «Ойлан, тап!» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың басты мақсаты — оқушыларды ғылымға ерте тарту, олардың жаратылыстану-математикалық қабілеттерін дамыту және білім мен ғылым арасындағы сабақтастықты нығайту.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен :
— Әкімбек Абылайхан — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы;
— Ибраев Радмир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы.
Республикалық олимпиадада ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Мейрамканов Диас марапатталды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!