2025 жылдың 7-13 мамыры аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Әл-Хорезми атындағы математикадан халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – математикаға дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру.
Әл-Хорезми атындағы математикадан халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Амангелді Алдияр марапатталды.
Алдиярды құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!