Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен 2025 жылдың 05 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңі  өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.

Олимпиада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында өткізілді.

Олимпиада 8 пән бойынша өткізілді: жаратылыстану, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары болған облысымыздың мектептерінің 5-6 сыныптарынан 230-ға жуық оқушысы қатысты.

Оқушылардың жұмыстарын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құралған әділқазылар алқасы бағалады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 114 қатысушы жүлдегер атанды (I орын — 21,  II орын -36, III орын — 57 оқушы).

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.

        Жеңімпаздар тізімі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

                                                                                                 

жеңімпаздар тізімі жүктеп алу