Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылдың 21-22 сәуір аралығында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалін қашықтық форматта өткізді.

Фестивальдің негізгі мақсаты — ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  1. вокалдық орындау: жеке ән айту, ымдау тілінде ән айту;
  2. би билеу, оның ішінде арбамен билеу;
  3. көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер;
  4. компьютерлік әзірлемелер, робототехника.

Фестивальге облысымыздың білім беру ұйымдарының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылар қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша келесі орындар белгіленді:

ІІ орын – Савельев Вадим, «№2 арнайы мектеп интернаты» КММ, Алтай ауданы;

ІІІ орын – Яровой Илья, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ, Алтай ауданы;

ІІІ орын – Мейрамов Дидар, «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – Әділбекова Аделина, «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – Тілеубеков Темирлан, «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – Умітхан Жақсылық, «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – Сакович Рамина, «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – Савельев Вадим, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ, Алтай ауданы.

Барлық қатысушыларға фестивальге қатысқаны үшін сертификат берілді.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!