«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 29 сәуірде қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді.

Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 85 оқушы қатысты.

Форум 4 номинация бойынша өткізілді:

1. «Жасыл клуб» зерттеу жобаларының байқауы номинациясы;

2. «Жасыл сахна» қуыршақ театры қойылымы бойынша бейнероликтер байқауы номинациясы;

3. «Экоблогер» әлеуметтік бейнематериал номинациясы;

4. «Үздік Эко-дизайн» шығармашылық жұмыстар байқауы номинациясы.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!