2025 жылдың 29-30 сәуір аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары — Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарының 340-қа жуық оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 155 қатысушы жүлдегер атанды (I орын — 24, II орын — 40, III орын — 91 оқушы).
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!