Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылдың 24-25 сәуірі күндері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес әскері мен кеңес халқының ерлігі мен батырлығы туралы тарихи жадыны сақтау мақсатында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» атты облыстық қашықтықтан сурет салу байқауын өткізді.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық 5-10 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың жүлдегерлеріне дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!