«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Көрме-байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Көрме-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының  11-17 жас аралығындағы аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 218 оқушы қатысты.

Қатысушылардың жұмыстары 7 номинация бойынша ұсынылды:

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш);

3) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдер үлгісін жасау;

6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше.

7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңде  Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!