5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының қорытындысы

2025 жылдың 28-30 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары, облыстық  кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco»республикалық экологиялық жобалар конкурсына қатысты.

Конкурстың мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурс төрт бағыт бойынша өтті:

1 бағыт — «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт — «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем»;

3 бағыт.-«Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт — «Таза қала сізден басталады».

Конкурс қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен Тарбағатай ауданы Ақмектеп орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жанатова Жайна (бағыты: Туған өлке табиғаты) марапатталды.

III дәрежелі дипломммен:

Звонов Артур — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы (бағыты: Үздік экологиялық бастама);

Когай Даниил — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (бағыты: Үздік экологиялық бастама) марапатталды.

Қол жеткізген ерекше жетістігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің грамотасы Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Бауыржанова Қымбатқа (бағыты: Таза қала сізден басталады) табысталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!