2025 жылы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізді.
Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін — өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Жарысқа аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді:
1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері
2. Тікелей жүретін автотрассалық модельдеу
3. Әуе модельдері
4. Кеме модельдері
5. Зымыран модельдері
Жарыс қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлдегер атанды, І орын – 9, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 9. Жеңімпаздар жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!