Білім алушылар арасында шахматты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 22-23 сәуір күндері «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ-нің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға Өскемен қаласы, Тарбағатай, Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандарының және ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп командалары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Үлкен Нарын ауданының құрама командасы;
ІІІ орын – «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ-нің командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!