Білім алушылар арасында тоғызқұмалақты насихаттау, олардың ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ-нің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға Өскемен қаласы, Тарбағатай, Марқакөл, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Ұлан аудандарының командалары және «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің командасы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
ІІ орын – Самар ауданының құрама командасы;
ІІІ орын – Тарбағатай ауданының құрама командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!