«2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» облыстық семинарының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2025 жылғы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбектің, ШҚОСанитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін қадағалау бөлімінің басшысы Б. Дырымбаеваның, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, майор Е. Тұрсынғалиевтің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Д. Ғылыммедденнің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы М. Рахимжанованың, ШҚО Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры А. Бейсембаеваныңқатысуымен «2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» атты облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылардың сапалы және қауіпсіз сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Семинар барысында балалардың қауіпсіз жазғы демалысының өзекті мәселелері талқыланып, 2025 жылы балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен келешегі айқындалды.

Семинарға облыстың жазғы сауықтыру демалысының жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінің директорлары қатарынан 30 тыңдаушы қатысты.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының тұрақты бақылауында.