Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізу туралы

ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 17 мамырда оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.

Турнирдің өткізілу орны – № 50 жалпы білім беретін мектебінің базасы (Өскемен қаласы, Базовая көшесі, 4А), басталуы – сағ. 09.00-де.

Аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған Турнирге қатысу туралы өтінім 2025 жылдың 5 мамырына дейін konkurs.vko@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.