«Fibonacci Eurasia Robot Olympiad» халықаралық кезеңіне қатысу қорытындысы

2025 жылғы 16-20 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында «Fibonacci Eurasia Robot Olympiad» халықаралық кезеңі өтті.

 Халықаралық олимпиадада «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңінің жүлдегерлері еліміздің намысын қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

Арнұрұлы Алихан – Өскемен қаласы, Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің оқушысы;

Даулеткер Мансұр – Өскемен қаласы, Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушысы;

Сейілқан Әли  — Өскемен қаласы, Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушысы;

Өмірханов Абай – Өскемен қаласы, №24 орта мектебінің оқушысы;

Бижігітов Арсен — Өскемен қаласы, №27 орта мектебінің оқушысы.

Олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!