Жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасындағы «Ясауитану» республикалық байқауының қорытындысы

2025 жылдың 17-18 сәуірі күндері Түркістан қаласында жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану» республикалық байқауы өтті.

Байқау үш кезеңде өткізілді:

І кезең – хикметтерді жатқа айту;

ІІ кезең – арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру;

ІІІ кезең – хикметтердегі тірек сөздер бойынша сұрақтарға жауап беру.

Байқау қорытындысы бойынша Зайсан ауданының Шілікті орта мектебінің
10 сынып оқушысы Шегенова Жанерке ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып,
30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жанерке мен оның жетекшісін және ата-анасын жетістігімен құттықтаймыз!