Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9-10 сәуір күндері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» облыстық қашықтық эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес әскері мен кеңес халқының ерлігі мен батырлығы туралы тарихи жадыны, фашизмнен арылудағы еліміздің рөлін түсіну арқылы жақындарының жарқын жадын сақтайтын отбасылардың дәстүрі мен тағдырын сақтау.
Байқау «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде», «Ер есімі – ел есінде» тақырыптарында қазақ және орыс тілдерінде эссе жазу бойынша өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен: І орын – 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 7 қатысушы марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға
шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!