2025 жылдың 11 сәуірінде Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 5-6 сынып арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, жаратылыстану ғылымына баулу.
Олимпиадаға 5-6 сыныптардың 130-ға жуық оқушысы — аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша — 52 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын — 10 , II орын -15 , III орын — 27 оқушы, грамота — 12 оқушы).
Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және барлық қатысушыларға «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің сертификаттары табысталады.
Жеңімпаздар тізімі https://altynsaqa.online/register-manager порталында орналасқан.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!