«Киелі Шығыс» конкурсының бірінші кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық рухы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында алғашқы рет «Киелі Шығыс» конкурсын өткізді.

Конкурстың бірінші кезеңі – 2025 жылдың 2 сәуірі күні «Шығыс Дарыны» сайтында онлайн-платформада өтті.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сыныптарының 6144 оқушысы қатысты.

Қатысушылар өңірлік компоненттерге байланысты «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндерінен тест тапсырмаларын орындады.

Қала/Аудан атауы7-8 сыныптар бойынша жалпы қатысушылар саныҚатысушылар саны 1 кезең
1Өскемен қаласы81313507
2Риддер қаласы1365138
3Алтай1462497
4Глубокое1309209
5Зайсан1240162
6Катонқарағай233127
7Күршім490186
8Марқакөл2361
9Самар325123
10Тарбағатай682267
11Ұлан86962
12Үлкен Нарын280131
13Шемонаиха971546
14Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты12455
15Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі940
16Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі17321
17Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты1200
18Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі150112
 Барлығы182546144

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жүлдегерлер 2025 жылдың маусым айында жоспарланған екінші кезеңнің оқу-танымдық турына қатысатын болады.

Бағдарлама аясында:

  • Экскурсиялар;
  • Туризм негіздері бойынша шеберлік сабақтар мен оқу-тәжірибелік жаттығулар;
  • Жаяу жорықтар;
  • Спорттық ойындар;
  • Тимбилдинг өткізіледі.

Сонымен қатар, қатысушыларды танымдық және қызықты саяхат, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру шаралары күтеді.