Жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слетін өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 23 мамыр күні Өскемен қаласының №11 мектеп-лицейінің базасында жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слетін өткізу жоспарланып отыр.

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару.

Облыстық жол қозғалысы жас инспекторларының слеті келесі жарыстар бойынша өтеді:

1) саптық байқау;

2) жол жүру ережелерінің білгірлері; 

3) велосипедті мәнерлеп тебу;

4) жас реттеуші;

5) жас санитар;

6) үгіт-насихат бригадаларының жарысы;

7) білгірлер сайысы.

Слетке қатысуға өтінімдерді 2025 жылдың 15 мамырға дейін or-vpv@mail.ru. электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Топ құрамы – 10 қатысушы және 1 топ басшысы.