I. Жалпы ережелер
1. 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың (бұдан әрі — Олимпиада) облыстық кезеңінің регламенті шахматтан республикалық олимпиаданы өткізу регламентіне сәйкес әзірленді.
2. Осы ереже Олимпиаданың мақсаттарын, міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландырылуын айқындайды.
ІІ. Мақсаттары мен міндеттері
3. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
— білім алушылар арасында шахматты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру;
— білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
— Шығыс Қазақстан облысында шахмат бойынша үздік оқушыларды анықтау.
ІІІ. Ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
4. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылықты ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі –ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) жүзеге асырады.
Жарысты тікелей өткізуді ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен төрешілер алқасы жүзеге асырады.
Олимпиаданың мектепішілік және аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу жауапкершілігі аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және білім беру ұйымдарына жүктеледі.
5. Олимпиаданың кезеңдерін өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:
— жарыстарға қатысуға өтінімдер қабылдайды;
— жарыстарды өткізу кестесін анықтайды;
— командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу жөніндегі комиссия құрады;
— бас төрешілер алқасының құрамын бекітеді;
— жарысқа қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
— Олимпиада кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.
ІV. Олимпиаданы өткізу ережелері, орны, мерзімі
6. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
1 кезең (мектеп біріншілігі) — мектепішілік жарыстар (2025 жылғы 18 сәуірге дейін).
Мақсаты — мектеп құрамасын қалыптастыру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
Мектепішілік жарыстарды өткізу кестесі және олардың жеңімпаздарын спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады.
Жарыс нәтижелері бойынша мектеп құрамасының құрамы анықталады:
5 ұл және 5 қыз.
2 кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (2025 жылғы 18 сәуірге дейін).
Мақсаты – аудан, қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
Қатысушылар – мектепішілік жарыстардың жеңімпаздары.
Жеке біріншіліктің нәтижелері бойынша аудан/қала құрамасының құрамы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.
Олимпиаданың бірінші (мектеп біріншілігі) және екінші (аудан біріншілігі) кезеңдерін өткізу мерзімдері мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен айқындалады.
3 кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2025 жылғы 23 сәуір, Өскемен қаласы).
Мақсаты – облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтау.
Қатысушылар – қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары.
Жеке біріншіліктің нәтижелері бойынша облыс құрамасының құрамы айқындалады: 5 ұл және 5 қыз.
V. Олимпиада қатысушылары
7. Шахматтан Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары қатыса алады:
Жас тобы | Ұлдар саны | Қыздар саны |
2-4 сынып | 1 | 1 |
5-8 сынып | 2 | 2 |
9-11 сынып | 2 | 2 |
Барлығы: | 5 | 5 |
VI. Олимпиаданы өткізу шарттары
8. Шахматтан жарыстар халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ережелері бойынша өткізілді.
9. Олимпиада 2-4, 5-8, 9-11 сыныптар ұлдары мен қыздары арасында бөлек, рапид бойынша өткізіледі.
Ттитит
10. Олимпиада швейцариялық жүйе бойынша 7 немесе 9 айналымда өтеді (командалар санына байланысты) қапталға қаптал.
Барлық жарыстарға ескерту: жарыстарды өткізу кестесі мен жүйесін төрешілер алқасы командалар санына қарай түзете алады.
VII. Жеңімпаздарды анықтау
11. Шахмат бойынша жеңімпаздар халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) бекітілген регламентіне сәйкес анықталады.
12. Жеке біріншіліктерде жеңімпаздар ойыншының жеке нәтижесіне байланысты анықталады. Командалық біріншіліктерде командалық орындар команданың нәтижесіне қарай бөлінеді.
VIII. Өтінім құжаттары
13. Командалардың облыстық жарыстарға қатысуына өтінім қатаң түрде үлгі (1-қосымша) бойынша рәсімделеді, оған білім бөлімінің басшысы немесе облыстық білім беру ұйымының директоры қол қояды.
1 кезеңді (мектепішілік) және 2 кезеңді (қалалық және аудандық) өткізу қорытындылары туралы есеп үлгі (2-қосымша) бойынша жасалады.
Өтінімдер (электрондық нұсқа) және есеп (электрондық нұсқа) 2025 жылғы 18 сәуірге дейін vk_ocfk@mail.ru электрондық мекенжайға жіберіледі.
Өтінімдер (түпнұсқа) және есептер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.
Өтініммен және есеппен бір мезгілде мандаттық комиссияға:
— туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт (түпнұсқасы көрсетіледі, көшірмесі тапсырылады);
— оқу орнынан мектеп директорының қолы қойылған фотосуреті бар жеке карточкалар (мөр фотосуреттің бұрышында орналасуы тиіс) (3-қосымша).
— оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты өкілді тағайындау және команданы жолдау бойынша бұйрық беріледі.
Олимпиада регламенті бұзылған, құжаттарды бұрмалаған жағдайда (қатысушының жасы, оқу орны) команда жарыстан шығарылады.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 70-26-74.
IX. Қатысушылардың қауіпсіздігі
14. Жарыс өткізу кезеңінде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін
жаттықтырушылар- өкіл жауапты болады.
15. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде командалардың жарыс өтетін жерге жол жүруі жергілікті полиция қызметінің алып жүруімен жүзеге асырылуы тиіс.
X. Қорытынды шығару және Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
16. Олимпиада жеңімпаздарын төрешілер алқасының мүшелері анықтайды.
17. Жүлделі орындарға ие болған облыстық жарыс кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен (жаттықтырушыны көрсетумен), командалар тиісті дәрежелі медальдармен марапатталады.
Қалған қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар беріледі.
XI. Олимпиаданы қаржыландыру
18. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) және екінші (аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығындарын аудандық, қалалық білім бөлімдері, спорт бөлімдері және білім беру ұйымдары өтейді.
19. Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
20. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, жарыс кезінде тәуліктік, тұру және тамақтану) жарыстың барлық кезеңдерінде іссапарға жіберуші ұйымдар көтереді.