2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы Ереже

I. Жалпы ережелер

1. 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың (бұдан әрі — Олимпиада) облыстық кезеңінің ережесі тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданы өткізу ережесіне сәйкес әзірленді.

2. Осы ереже Олимпиаданың мақсаттарын, міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландырылуын айқындайды.

ІІ. Мақсаттары мен міндеттері

3. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

— білім алушылар арасында тоғызқұмалақты дәріптеу, олардың ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру;

— білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;

— Шығыс Қазақстан облысында тоғызқұмалақ бойынша үздік оқушыларды анықтау.

ІІІ. Ұйымдастыру мен өткізуге басшылық ету

4. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылықты ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі –ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) жүзеге асырады.

Жарысты тікелей өткізуді ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен төрешілер алқасы жүзеге асырады.

Олимпиаданың мектепішілік және аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу жауапкершілігі аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және білім беру ұйымдарына жүктеледі.

5. Олимпиаданың кезеңдерін өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

— жарыстарға қатысуға өтінімдер қабылдайды;

— жарыстарды өткізу кестесін анықтайды;

— командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу жөніндегі комиссия құрады;

— бас төрешілер алқасының құрамын бекітеді;

— жарысқа қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

— Олимпиада кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.

ІV. Олимпиаданы өткізу ережелері, орны, мерзімі

6. Олимпиада ұлдар арасында бөлек және қыздар арасында бөлек, распид бойынша 2-4, 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында үш кезеңде өткізіледі:

1 кезең (мектеп біріншілігі) — мектепішілік жарыстар (2025 жылғы 18 сәуірге дейін).

Мақсаты — мектеп құрамасын қалыптастыру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.

Мектепішілік жарыстарды өткізу кестесі және олардың жеңімпаздары спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады.

Жарыс нәтижелері бойынша мектептің құрамасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.

2 кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (2025 жылғы 18 сәуірге дейін).

Мақсаты – аудан, қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.

Қатысушылар – мектепішілік жарыстардың жеңімпаздары.

Жеке біріншіліктің нәтижелері бойынша аудан/қала құрамасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.

Олимпиаданың бірінші (мектеп біріншілігі) және екінші (аудан біріншілігі) кезеңдерін өткізу мерзімдері мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықыталады.

3 кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2025 жылғы 24 сәуір, Өскемен қаласы).

Мақсаты – облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтау.

Қатысушылар – қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары.

Жеке біріншіліктің нәтижелері бойынша облыстың құрамасы анықталады: 5 ұл және 5 қыз.

V. Олимпиада қатысушылары

7. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары қатыса алады:

Жас тобыҰлдар саныҚыздар саны
2-4 сынып11
5-8 сынып22
9-11 сынып22
Барлығы:55

VI. Олимпиаданы өткізу шарттары

8. Олимпиада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ республикалық спорт федерациясы бекіткен қолданыстағы ережелер бойынша өткізілді.

9. Олимпиада ұлдар мен қыздар арасында бөлек, рапид бойынша 2-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында өткізіледі.

10. Олимпиада Швейцариялық жүйе бойынша 7 немесе 9 айналымда өтеді (командалар санына байланысты).

Барлық жарыстарға ескерту: жарыстарды өткізу кестесі мен жүйесін төрешілер алқасы командалар санына қарай түзете алады.

VII. Жеңімпаздарды анықтау

11. Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен
Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ республикалық спорт федерациясы бекіткен қолданыстағы  ережелермен айқындалады.

12. Жеке біріншіліктерде жеңімпаздар ойыншының жеке нәтижесіне байланысты анықталады. Командалық біріншіліктерде командалық орындар команданың нәтижесіне қарай бөлінеді.

VIII. Өтінім құжаттары

13. Командалардың облыстық жарыстарға қатысуына өтінім қатаң түрде нысан (1-қосымша) бойынша рәсімделіп, білім бөлімдері басшыларының немесе облыстық білім беру ұйымдары директорларының қолы қойылады.

1 кезеңді (мектепішілік) және 2 кезеңді (қалалық және аудандық) өткізу қорытындылары туралы есеп нысан (2-қосымша) бойынша жасалады.

Өтінімдер (электрондық нұсқа) және есеп (электрондық нұсқа) 2025 жылғы 18 сәуірге дейін vk_ocfk@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Өтінімдер (түпнұсқа) және есептер (түпнұсқа) өткізу орнына келген соң мандаттық комиссияға беріледі.

Өтініммен және есеппен бір мезгілде мандаттық комиссияға беріледі:

— туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт (түпнұсқасы көрсетіледі, көшірмесі тапсырылады);

— оқу орнынан мектеп директорының қолы қойылған фотосуреті бар жеке карточкалар (мөр фотосуреттің бұрышында орналасуы тиіс) (3-қосымша);

— команда және команда өкілінің жолдамасы бойынша оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы бұйрығы.

Олимпиада регламенті бұзылған, құжаттарды бұрмалаған жағдайда (қатысушының жасы, оқу орны) команда жарыстан шығарылады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 70-26-74.

IX. Қатысушылардың қауіпсіздігі

14. Жарыс өткізу кезеңінде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін
жаттықтырушы-өкілдер жауапты болады.

15. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде командалардың жарыс өтетін жерге келуі жергілікті полиция қызметінің алып жүруімен жүзеге асырылуы тиіс.

X. Олимпиада қатысушыларын марапаттау және қорытындылау

16. Олимпиада жеңімпаздарын төрешілер алқасының мүшелері анықтайды.

17. Жүлделі орындарға ие болған облыстық жарыс кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен (жаттықтырушыны көрсете отырып) және командалар тиісті дәрежелі медальдармен марапатталады.

Қалған қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар беріледі.

XI. Олимпиаданы қаржыландыру

18. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) және екінші (аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығындарын аудандық, қалалық білім бөлімдері, спорт бөлімдері және білім беру ұйымдары өтейді.

19. Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығымен жүзеге асырылады.

20. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, жарыс кезінде тәуліктік жол жүру, тұру және тамақтану) жарыстың барлық кезеңдерінде жіберуші жақ өтейді.