ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «ДИФКИС» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (7-11 сыныптар)

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДИФКИС» (Дене шынықтыру мен спорт бойынша балалардың зерттеулері) облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу және қатысу тәртібін, шарттарын реттейді.

Конкурсты өткізу дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

1.2. Конкурсты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы өткізеді.

1.3. Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылықты ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады. Конкурсты ұйымдастыру комитеті Конкурстың барысын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізеді.

1.4. Келіп түскен жұмыстарға сараптама жүргізу және бағалау мақсатында Сараптамалық кеңес құрылады, құрамы «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар педагогтер, ғылыми дәрежелері, атақтары бар оқытушылар, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерінде дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар мен әдіскерлер қатарынан қалыптастырылады.

2. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Конкурс оқушылардың дене шынықтыру саласындағы зерттеу қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелер үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасау; дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; дене шынықтыру педагогтерінің инновациялық қызметін ынталандыру және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, дене шынықтыру бойынша зерттеулер саласындағы үздік инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау және кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылады және өткізіледі.

2.2. Қойылған мақсатқа сәйкес міндеттер айқындалды:

— заманауи білім беру жағдайында дене шынықтыру бойынша зерттеулер саласындағы жұмыс тәжірибесін анықтау;

— дене шынықтыру саласындағы зерттеулермен айналысатын оқушылар мен педагогтерге ғылыми-теориялық және әдістемелік көмек көрсету;  

— дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибені өзектендіру;

— дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау.

3. КОНКУРСТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

1.Дене шынықтыру саласындағы өзекті мәселелер бойынша оқушылардың жобаларын әзірлеу.

2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер.

4. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

4.1. Конкурс жыл сайын үш кезеңмен өткізіледі:

1. Бірінші кезең (мектепішілік) – 2025 жылғы сәуір;

2. Екінші кезең (аудандық/қалалық) – 2025 жылғы сәуір;

3. Үшінші кезең (облыстық) – 2025 жылғы мамыр, Өскемен қаласы.

4.2. Конкурстың Сараптамалық кеңесі:

—  ұсынылған материалдарды қарастырады;

— жаңашылдығын, өзіндік ерекшелігін, өзектілігін, ғылыми құндылығын және ереженің критерийлеріне сәйкес келетін басқа да маңызды аспектілерін ескере отырып ұсынылған жобалардың сапасын объективті және кәсіби бағалайды;

— рәсімделуі белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды (Ереженің 6, 7-тармақтары).

Конкурсты Ұйымдастыру комитеті облыстық кезеңді өткізу форматын, мерзімдері мен орнын айқындайды, бағдарламаны, қатысушылар тізімін, қорытынды құжатты бекітеді, ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешеді.

5. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1. Конкурсқа қатысу үшін дене шынықтыру және спорт бойынша зерттеулер жүргізетін мемлекеттік білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары шақырылады.

5.2. Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша әр аудан/қаладан үшінші кезеңге қатысу үшін бір жеңімпазды ұсынады.

5.3. Конкурсқа қатысушылар жеке орындалған жұмыстарды ұсынады. Конкурс жетекшісі мен қатысушысын ауыстыруға тыйым салынады.  

5.4. Жетекшілер конкурстың қорытынды кезеңінің өткізілуі орнына дейін және кері қайту жолында, оның өткізілуі барысында қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады. Жетекшілер білім беру мекемесі директорымен тағайындалады.

5.5. Конкурстың басым бағыттарына сәйкес қатысушылардың жұмыстары келесі жанрларда ұсынылуы мүмкін:

— баяндамалар;

— жобалар презентациясы.

5.6. Конкурстың финалын өткізу форматы – оффлайн, автордың сөз сөйлеуі презентациямен сүйемелденуі тиіс.

5.7. Конкурсқа қатысу үшін Ұйымдастыру комитетінің vk_ocfk@mail.ru электрондық поштасына «ДИФКИС» белгісімен өтінімді (1-қосымша) және бағыттың тақырыбына сәйкес материалдарды жіберу қажет.

5.8. Ұсынылатын жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар (2-қосымша).

5.9. Өтініш пен жұмыс жеке файлдарда бір папкада жасалуы керек (папка атауында аудан/қала көрсетілуі керек).

5.10. Қатысушылар Сараптамалық кеңес үшін басып шығарылған жұмыстарды қорғау күні ұсынады.  

5.11. Мерзімінен кешіктіріп ұсынылған материалдар қарауға жатпайды.

5.12. Материалдарға авторлық құқығы Конкурс қатысушыларында сақталады. Авторлық құқықтың сақталуына қатысушының өтінімін толтырумен расталатын жұмыс авторлары жауапты болады.

5.13. Ұсынылған Конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

5.14. Апелляция қарастырылмаған.

5.15. Конкурста аудиторияда қорғау кезінде тек Конкурсқа қатысушылар мен Ұйымдастыру комитетінің өкілі, қазылар алқасының мүшелері болады. Аудиторияда педагогтердің, ата-аналардың, туыстарының, мектеп әкімшілігі мен білім бөлімдері өкілдерінің, Конкурсқа қатыспайтын оқушылардың болуына тыйым салынады.

Өткен конкурстардың жеңімпаздары қатысуға жіберілмейді.

6. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

6.1. Дене шынықтыру және спорт бойынша оқушылардың «ДИФКИС» балалардың зерттеу жұмыстарының облыстық конкурсын бағалау критерийлері

1. Шығармашылық қабілет:

25-30 балл, егер жұмыс авторы мәселені шешудің жаңа ғылыми тәсілін жасауда шығармашылық қабілеттерін көрсетсе қойылады;

20-25 балл, егер автор деректерді талдаудың немесе жабдықты жаңа қолданудың жаңаша тәсілдерін қолдануда шығармашылық қабылеттілігін көрсетсе қойылады;

10-20 балл егер деректерді түсіндіру кезінде шығармашылық қабілеттілігі болса қойылады;  

10 баллға дейін егер жоба рефераттық сипатта болса қойылады.

2. Ғылыми ойлау: жеке критерийлердің әрқайсысы 3 балл аясында бағаланады.

Баяндама үшін келесі критерийлер ұсынылады:

1) қарастырылып отырған мәселе қаншалықты анық және бірмағыналы ұсынылған;

2) жоспарланған нәтижені алу ықтималдығы жоғары болу үшін шешілетін тапсырма қаншалықты нақты көрсетілген;

3) мәселені шешудің нақты жоспары бар ма;

4) тапсырманы шешуде деректер нақты анықталған ба және белгіленген бе;

5) автор нәтижелерді кезең-кезеңімен тексеру қажеттілігін көрді ме (егер қажет болса) және оны дұрыс қолданды ма;     

6) қорытындыны растау үшін деректер жеткілікті түрде таңдалды ма;

7)  автор қорытынды жасау үшін шектеулі деректерді мойындайды ма;

8) автордың мәселені шешуге кепілдік беретін зерттеудің келесі кезеңіне қатысты идеясы бар ма;

9) автор ғылыми әдебиеттерге сілтеме жасай ма, әлде тек танымал әдебиетке сілтеме жасай ма.

3. Зерттеудің қолданылған әдістерінің тиімділігі:

10-15 балл, егер автор жұмыс барысында осы білім саласында түбегейлі жаңа нәтижелер алуға мүмкіндік беретін заманауи тиімді жабдықты немесе заманауи теориялық әдістерді қолданса қойылады.

5-10 балл, егер әдеттегі зерттеу әдістері қолданылса, бірақ сонымен бірге жаңа нәтижелерге қол жеткізсе қойылады,

5 баллға дейін, егер жұмыс рефераттық сипатта болса қойылады.

4. Тақырыпты ашу дәрежесі (мұқияттылық):

Критерийлердің әрқайсысына 2,5 баллдан аспай қойылу керек. Осы параметр үшін бағалау жеке критерийлер бойынша бағалаулар негізінде қойылады:

1) жұмыс жоспарланған кезеңге жеткізілді ме;

2) шешілетін мәселе қаншалықты толық қамтылған;

3) қорытындылар жеке экспериментке немесе қайталауға негізделген бе;

4) жобадағы материал қаншалықты мұқият және анық көрсетілген;

5) автор мәселені шешудің басқа тәсілдерін біле ме;

6) автор зерттелетін мәселе бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс;

7) практикалық жұмысты растайтын қорытынды нәтиже (яғни қорытынды өнімнің болуы: тренажер, қосымша, жинақ, электрондық нұсқаулық және т.б.).

5. Шешендік, демонстрациялық материалдың сапасы, айқындығы:

Бұл параметр үшін бағалау жеке критерийлер бойынша бағалауды ескере отырып қойылады:

1) автор жұмысты қаншалықты тиімді және анық баяндайды  (3 балл);

2) баяндамада жоба материалы қаншалықты толық ұсынылған (2 балл);

3) автор жобаның маңызды сәттерін қаншалықты жақсы бөледі (1,5 балл);

4) жобада пайдаланылған эксперименттік деректер қаншалықты анық және нақты көрсетілген (1 балл);

5) жоба нәтижелері қаншалықты анық және нақты көрсетілген (1 балл);

6) стенд жобаның нәтижелерін қаншалықты жақсы түсіндіреді (2 балл).

Әрбір критерий үшін қоюға болатын максималды баллдар көрсетілген.

7. ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

7.1. Жұмыстардың презентациясы жобаларға қойылатын критерийлерге сәйкес бағаланады.

7.2. Қорғаудың максималды ұзақтығы  — 10 минут.

7.3. Презентация үшін қатысушыларға мультимедиялық жабдықтар жиынтығы (ноутбук, мультимедиялық проектор) ұсынылады.

8. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ, ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ

Конкурстың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО ББ дипломымен марапатталады.