7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДИФКИС» облыстық конкурсын өткізу туралы

ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 6 мамыр күні Өскемен қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДИФКИС» облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.

Мақсаты – дене шынықтыру саласындағы зерттеу қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелер үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасау; дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1-ші кезең – мектепішілік (2025 жылғы сәуір);

2-ші кезең – аудандық/қалалық (2025 жылғы сәуір);

3-ші кезең – облыстық (6 мамыр, Өскемен қаласы).

Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша әр аудан/қаладан үшінші кезеңге қатысу үшін бір жеңімпазды ұсынады.

Әр кезеңге өтінім жеке беріледі.

Облыстық кезеңге қатысуға өтінімдер (1-қосымша) Конкурс басталғанға дейін 5 күн бұрын Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, каб. 106, vk_ocfk@mail.ru e-mail бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына беріледі.