Ұлы Отан соғысына қатысушы Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған әскери-қолданбалы көпсайысы бойынша облыстық турнирдің қорытындысы

2025 жылғы 04 сәуірде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді күшейту, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалының аумағында Ұлы Отан соғысына қатысушы Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған әскери-қолданбалы көпсайысы бойынша облыстық турнир өткізілді.

Жарысқа облыстық оқу орындары мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, бастапқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан колледждердің 1-2 курс студенттерінен 15 команда қатысты.

Көпсайыс келесі номинациялар бойынша өткізілді: саптық байқау, АК-74 шашу және жинау, газтұмылдырықты кию бойынша нормативті орындау, ЖҚК кию бойынша нормативті орындау, турникте тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, АК магазинін патрондар мен оқтау.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

1 орын – Ұлан ауданы, «Айбын»командасы;

2 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі, «Барыс» командасы;

3 орын – Алтай ауданы, «Сұңқар» командасы.

I, II және III орын алған командалар естелік кубоктар мен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Турнирдің жабылуы ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қолжеткізуіме нқұттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!