5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылдың 04 сәуірінде экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді:

1-бағыт — «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт — «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем»;

3 бағыт — «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт — «Таза қала сізден басталады».

Конкурс қорытындысы бойынша 27 қатысушы жүлдегер атанды (I орын -5,  II орын -10, III орын — 12 оқушы).

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздар тізімі https://shygysdaryn.kz/ сайтында орналасқан.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!