Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 3 cәуір
Өскемен қаласындағы №1 балалар музыка мектебі базасындажалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны 70-ке жуық оқушы қатысты.

Әбіш оқулары 4 бағыт бойынша өткізілді:

  1. Үй тапсырмаларыӘ. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
  2. Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;
  3. Шығармашылық жұмыс – Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;
  4. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.

Конкурс қорытындысы бойынша 32 оқушы жүлдегер атанды:

  • І орын – 8;
  • ІІ орын – 14;
  • ІІІ орын – 10.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары конкурстың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жүлдегерлер тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!!!