Қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылғы 31 наурызы мен 4 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Орал қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі  пәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері — оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы №24 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тургунова Мавлудахон (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Мырзабек Айназ (қазақ тілі мен әдебиеті);

Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Оздемир Этка Энес (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Күршім ауданының №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Ғибыратқызы Жанат (қазақ тілі мен әдебиеті) марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін Орал қаласында спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!