1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже облыстық «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі — «Дарын» орталығы) болып табылады.
1.3. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
1.4. Байқаудың міндеттері:
— жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;
— қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылық дамытуда балалар көркемөнер мектептерінің рөлін арттыру;
— қатысушылардың ой-өрісін, олардың көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігін кеңейту.
2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
— Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
— тікелей басшылықты жүзеге асырады;
— Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;
— Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
— Байқаудың жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
— Байқау қорытындысын талдайды және жалпыландырады.
2.3. Қазылар алқасы Байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
3.1. Байқау 2025 жылғы 13-14 мамыр аралағында қашықтықтан өткізіледі.
3.2. Байқауға қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшысының қолы қойылған өтінімдер қабылданады.
3.3. Өтінімге қоса тіркеледі:
— байқау жұмыстарының фотосуреттері;
— қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж, туған күні, сыныбы, білім беру ұйымы (толық атауы), байқау жұмысының атауы, жас ерекшеліктері, жетекшісінің Т.А.Ж., телефон нөмірі).
3.4. Қатысуға өтінімді 2025 жылдың 02 мамырына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет (1-қосымша).
4. Байқауға қатысушылар
4.1. Байқауға аудандық/қалалық кезенің жеңімпаздары жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жас (18 жасқа дейін) аралығындағы білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:
1) 12-14 жас;
2) 15-17 жас.
4.2. Байқаудың ұйымдастырушылары байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та жариялауға құқылы.
5. Байқауды өткізу тәртібі және шарттары
5.1. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады. Бір қатысушы бір ғана жұмысты ұсына алады. Топтық жұмыс қабылданбайды.
5.2. Байқау жұмыстары кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кез-келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалады.
5.3. Жұмыстың ең аз өлшемі: 30х40 см., бірақ 55х65 см. аспайды (ресімдеуді есепке алмағанда). Барлық жұмыстарда авторы (Т. А.) көрсетілуі керек және 12 см х 4,5 см өлшемді жапсырма (паспарту) болуы тиіс.
5.4. Барлық жұмыстар түпнұсқаны суретке түсіру немесе сканерлеу электрондық көшірмелер түрінде қабылданады (JPEG форматы).
5.5. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі
— «Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым – Қазақстан Республикасы» номинациясы (шаңырақ — бұл отбасылық ошақ, бір-біріне жақын адамдар тұратын жылу мен жайлылық орны. Шаңырақ — достар кездесетін аула мен мектеп. Шаңырақ — туған қала, кент, ауыл. Барлығымыз үшін бір шаңырақ — біздің еліміз, Қазақстан);
— «Тірі ғаламшар» номинациясы (елдегі, әлемдегі және менің елді мекенімдегі табиғатты қорғау; экологиялық іс-шараларға қатысуым; экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары; қорықтар мен қорықшылар; Қызыл кітап беттері бойынша, таңғажайып пейзаждар, табиғат сұлулығы, ғаламшардың өсімдіктері мен жануарлар әлемі).
— «Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда» номинациясы (жұмыстар әлемнің көзқарасын, барлық елдердің балаларының достығын, балалар бүкіл ғаламшардағы бейбітшілік үшін екенін көрсетеді).
5.6. Бағалау критерийлері:
— тақырыптың тереңдігі мен мағынасын беру;
— идеяны жүзеге асырудың креативті тәсілі;
— көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру.
— күрделілік дәрежесі;
— өзіндік ерекшелігі;
— көркемдік мәнерлілік (композициялық және түсті шешім).
6. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Жүлделі орын алмаған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
6.2. Байқаудың қорытындысы https://shygysdaryn.kz/ сайтында орналастырылады. Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.
7. Байқауды қаржыландыру
7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» орталығы жүзеге асырады.