«Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалінің (бұдан әрі – Конкурс) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.

1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту;

— орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру;

— шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау.

2. Конкурстың ұйымдастыру комитеті

2.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

— Конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

— тікелей басшылықты жүзеге асырады;

— Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

— Конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

— Конкурстың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

— талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздармен жүлдегерлерді анықтайды.

2.4. Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:

техника және орындау деңгейі;

— би қойылымы-идеясы;

— би қозғалысының тақырыпқа немесе музыкаға сәйкестігі;

-көркемдік және сюжеттік;

— нөмірдің өзіндік ерекшелігі;

— сахналық көрінісі (костюм).

3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқауға ұжымдар, солистер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер келесі номинациялар бойынша қатысады:

— халық биі, халықтық стиліндегі би;

— заманауи би, эстрадалық би;

Ұжымдар түрі:

— соло (жеке орындау), дуэт (екі адамның орындауы), трио (үш  адамның орындауы);

— ансамбльдер, «кіші құрамдағы» би ұжымдары (7 адамға дейін);

— ансамбльдер, би ұжымдары (8 адамнан және одан көп);

3.2. Байқауға қатысушылар келесі жас санаттарына бөлінеді:

— жас санаты – (4 — 7 лет);

— жас санаты – (8-10 жас);

— жас санаты – (11-13 жас);

— жас санаты – (14-17 жас);

— аралас орта жас санаттағы (6-13 жас);

— аралас үлкен санаттағы (9-17 жас).

3.3. Конкурсқа қатысу ерікті, оқушыларды конкурсқа еріксіз қатыстыруға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар және олардың ата-аналары қабылдайды (заңды тұлғалар). Ұйымдастыру жарнасы (банктердің комиссияларын есепке алмағанда):

— солисттер (жеке орындау) – 5 500 теңге;

— дуэттер (екі адамның орындауы) – 5 000 теңге (әр адамнан), трио (үш адамның орындауы) – 5 000 теңге (әр адамнан);

— ансамбльдер, 7 адамға дейінгі би ұжымдары – 4 500 теңге (әр адамнан);

— ансамбльдер, 8 адамнан тұратын би ұжымдары – 4 000 теңге (әр адамнан).

4. Конкурсқа қатысу шарттары

4.1. Конкурс 2025 жылғы мамыр айында өткізіледі (конкурстың өткізілу күні, уақыты және орны қосымша хабарланады).

4.2. Конкурсқа қатысушылар жалпы ұзақтығы 5 минуттан аспайтын хореографиялық нөмірлер ұсынады.

4.3. Би нөмірінің музыкалық сүйемелденуі флеш-тасымалдағышта жазылуы тиіс, онда ұжымның атауы, аудан/қала, осы фонограммаға сәйкес келетін хореографиялық шығарма көрсетіледі. Байқау басталар алдында оны модераторларға ұсыну қажет.

4.4. Байқауға қатысушылар бірнеше номинацияларға қатыса алады. Әрбір жаңа қатысу жеке төленеді және жаңа өтініммен ресімделеді.

4.5. Конкурсты өткізу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

4.5.1. Байқау басталар алдында модераторларға би нөмірлерінің музыкалық сүйемелдеуін ұсыну қажет.

4.5.2. Конкурсқа қатысушыларды сахнаға ұйымдастыру комитетінің модераторлары қойылымға дейін кемінде 2 (екі) нөмір бұрын шақырады.

4.5.3. Әр команда белгіленген уақытта қатаң түрде келеді.

4.5.4. Байқау барысында сахнада да, залда да мәдениет сақтау қажет.

5. Конкурсқа қойылатын талаптар

5.1. Міндетті шарттар: түбіртекті өтініммен бірге жіберу керек, төлемсіз өтініштер қабылданбайды.

5.2. Қатысуға өтінімдер және түбіртектер 2025 жылғы 10 сәуірге дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштаға жіберіледі.

6. Марапаттау

6.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

6.2. Әр номинацияда қазылар алқасы жас санатына сәйкес 1, 2, 3 орындарды анықтайды.

6.3. Барлық ұжымдар, солистер және дуэттер 1, 2, 3 орын алғандары үшін дипломдармен марапатталады.

6.4. Қазылар алқасы Гран При сыйлығын беру құқығын өзіне қалдырады.

6.5. Марапаттауға сахнаға конкурсанттар концерттік костюмдерде шығады.

6.6. Жеңімпаз дипломында баланы конкурсқа дайындаған жетекшінің/мұғалімнің Т.А. көрсетіледі.

7. Конкурсты қаржыландыру

7.1. Конкурсты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.