2025 жылғы 10-15 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Ақтау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың информатика және химия пәндерінен қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері — оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі айналымда өтті: теориялық және тәжірибелік.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Амангелді Алдияр марапатталды (информатика).
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:
— Юсупов Саят — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (информатика);
— Ғазиз Мәди — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
— Қайырғазин Құрмет — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
— Әбдікәрімов Райымбек — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
-Касиман Алемхан — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);
— Серікқазы Арсен — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);
— Қыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);
— Дәлелхан Нұрахмад — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);
— Болатхан Ислам — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің11 сынып оқушысы (химия) мараппатталды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!