«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңіннің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңіннің ҚШығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 11 наурызда «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді.

Форумның мақсаты — Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

Форумға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарынан 89 білім алушы қатысты. Форумға қатысушылардың жас мөлшері 11-17 жас.

Форум 3 номинация бойынша өткізілді:

1) «Мен мамандықты … таңдаймын….» – таңдалған мамандықтар бойынша презентациялар байқауы;

3) «Менің кәсібім — менің бизнесім» – бизнес жобалар байқауы;

4) «Жас мобилограф» – бейнероликтер мен бейнесюжеттер байқауы.

Форумның қорытындысы бойынша 48 жеңімпаз анықталды:  I орын – 11, II орын – 17, III орын – 20. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.

Жоғарғы балл алған қатысушылар форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!