2025 жылғы 13 наурызда ДпҚББД ШҚҒӘ «Дарын» орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің құрамына дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары кірді.
Отырыс барысында орталық әдіскерлері әзірлеген оқу-әдістемелік құралдары қаралып, сараптамадан өтті. Сондай-ақ, ұсынылған материалдардың заманауи білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша ұсыныстар беріліп, оларды жетілдіру және толықтыру жөнінде ұсыныстар талқыланды.