5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды.

Олимпиада үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең — аудандық/қалалық іріктеу (2025 жылдың 28 наурызына дейін);

Екінші кезең – облыстық (2025 жылдың сәуір айының бірінші онкүндігінде);

Үшінші кезең – республикалық (2025 жылдың сәуір айының үшінші онкүндігінде).

Конкурс төрт бағыт бойынша өтеді:

1 — бағыт -«Туған өлке табиғаты» — 1 жеке жоба;

2 — бағыт — «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем» — 1 жеке жоба;

3 — бағыт — «Үздік экологиялық бастама» — 1 командалық жоба (2 қатысушыдан аспайтын);

4 — бағыт — «Таза қала сізден басталады» — 1 жеке жоба.

Квота әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен әр бағыттан бір жобадан.

Сұранысты білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген үлгіге сай 2025 жылдың 31 наурызына дейін қағаз және электронды нұсқада (Excel бағдарламасында) vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөніҚатысушы ның ЖСНҚала (аудан)Мектеп (толық атауы)СыныпОқу тіліБағытыҚатысушының әлеуметтік жағдайыҚатысушы ны дайындаған пән мұғалімінің аты-жөніҚатысушы ны дайындаған пән мұғалімінің ЖСН
           

Қосымша ақпаратты 87232-700-244 нөмірінен алуға болады.