1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже 5-8 сынып оқушыларына арналған «РгоЕсо» республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі — Конкурс) мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері- экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымын дамыту, табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға деген қызығушылықты қолдау, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауды тәрбиелеу, оқушыларды экологиялық бастамалар мен жобаларды іске асыруға тарту.
2. Конкурстың жұмыс органдары
1. Конкурсты өткізу үшін шараны үйлестіруді, ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2. Ұйымдастыру комитеті өзінің құзыреттілігінің шегінде:
- Конкурстың өту мерзімін, тәртібін, өтетін орнын үйлестіреді;
- тапсырмаларды бағалау критерийлері мен материалдарды әзірлейді;
- қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді;
- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
- Конкурстың дайындалуын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-да жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Конкурс қатысушылары
1. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің, облыстық мамандандырылған мектептердің 5-8 сынып оқушылары қатысады.
2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
3. Квота әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен әр бағыттан бір жобадан.
4. Топ жетекшісі конкурсқа қатысушылардың Конкурс өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейінгі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
5. Конкурсқа қатыса отырып, оқушы (ата-анасы, заңды өкілдері) жеке деректерін өңдеуге, сондай-ақ, фото-бейне түсірілімге рұқсат береді.
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу кезеңдері
1. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші – аудандық/қалалық (іріктеу) — ағымдағы жылдың 28 наурызына дейін;
2) екінші-облыстық — ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші он күндігінде.
3) республикалық-ағымдағы жылдың сәуір айының үшінші он күндігінде
2. Конкурсқа тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының қолымен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім бойынша (1 қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін e-mail: vk_daryn@mail.ru поштасына қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.
3. Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына білім бөлімдері мен облыстық мамандандырылған мектептер жауапты.
4. Конкурстың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңдерін аудандық/қалалық білім бөлімдері мен облыстық мамандадырылған мектептер өткізеді.
5. Әр орындалған жұмысты тексеру және бағалау үшін қазылар алқасының құрамын бекітеді.
6. Оқушылардың тапсырманы орындау процесі бейнетрансляциямен сүймелденеді және көрсетілген бейнетаспа қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.
5. Конкурс бағыттары
1. «Туған өлке табиғаты» бағыты — туған өңірдің табиғи аймақтары мен экожүйелерінің бірегейлігін көрсететін виртуалды экскурсиялар, 3Д-модельдер, интерактивті карталар т.б. (жеке жоба).
2. «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем» бағыты — табиғат пен оның құбылыстарын бейнелейтін бейнетүсірілімдер, шағын документалды фильмдер, көркем әңгімелер, фотоэсселер (жеке жоба).
3. «Үздік экологиялық бастама» бағыты — экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар, макеттер, экодизайн, аналитикалық зерттеулер, инфографикамен толықтырылған мәтіндік жобалар (командалық жоба, 2 қатысушыдан аспауы тиіс.
4. «Таза қала сізден басталады» бағыты — экологиялық акциялар, көгалдандыру, абаттандыру, фотоесептер, бейнежобалар және қалалық ортаны жақсартуға арналған аналитикалық материалдар (жеке жоба).
6. Жұмыстарға қойылатын талаптар
1. «Туған өлке табиғаты» бағыты
— Жұмыс форматы: бейнепрезентация (виртуалды экскурсия, 3 модель, интерактивті карта), фотоесеп, инфографика.
— Экожүйелердің, сирек кездесетін.өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сипаттамасы.
— Жұмыста автор(лар)дың аты-жөні, мектебі және жасалған күні көрсетілуі тиіс.
2. «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем» бағыты
— Жұмыс форматы: бейнетүсірілім, фотоэссе, иллюстрацияланған әңгіме, мини-документалды фильм.
— Атмосфераны жеткізудің нақтылығы мен эмоционалды көрінісі маңызды.
— Жұмыста автор(лар)дың аты-жөні, мектебі және жасалған күні көрсетілуі тиіс.
3. «Үздік экологиялық бастама» бағыты
— Жұмыс форматы: зерттеу жобасы (мәтіндік құжат, инфографика), макет, экодизайн, бейнепрезентация (міндетті емес).
— Экологиялық мәселенің талдауы мен оны шешу жолдары қарастырылуы тиіс.
— Жұмыста автор(лар)дың аты-жөні, мектебі және жасалған күні көрсетілуі тиіс.
4. «Таза қала сізден басталады» бағыты
— Жұмыс форматы: фотоесеп, бейнедокументалды есеп, инфографика, орындалған жұмысты талдауға арналған мәтіндік материал.
— «Бұрын/кейін» түсірілімдері, адамдардың қатысуы, іс-шара нәтижелері көрініс табуы қажет.
— Жұмыста автор(лар)дың аты-жөні, мектебі және жасалған күні көрсетілуі тиіс.
Әр қатысушының сөз сөйлеу уақыты — 7-8 минут, ал 3-5 минут қазылардың сұрақтарына жауап беруге беріледі. Аппеляция қарастырылмайды.
7. Оқушылардың жұмыстарының бағалау критерийлері
1. «Туған өлке табиғаты» бағыты
-Тақырыпқа сәйкестігі — 20 балл;
— интерактивтілігі және көрнекі бейнеленуі — 20 балл;
— ақпараттылығы және зерттеудің тереңдігі — 15 балл;
— композициясы және баяндау логикасы — 15 балл;
— оригиналдылығы және креативтілігі — 15 балл;
-техникалық сапасы (фото/видео/иллюстрациялар) — 15 балл.
2. «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем» бағыты
-Эмоциялылығы және мәнерлілігі — 20 балл;
— идеяның түпнұсқалығы — 20 балл;
— тақырыпқа сәйкестігі — 15 балл;
— көркемдік құндылығы және композициясы — 15 балл;
— техникалық сапасы (фото/видео/иллюстрациялар) — 15 бал;
— баяндаудың логикасы — 15 балл.
3. «Үздік экологиялық бастама» бағыты
-Практикалық маңыздылығы — 20 балл;
— жаңашылдығы — 20 балл;
— мәселенің зерттелу деңгейі — 15 балл;
— жобаның ұсынылу сапасы — 15 балл;
— безендірілуі (макет, инфографика, көрнекі бөліктері) — 15 балл;
— әлеуметтік маңыздылығы — 15 балл.
4. « Таза қала сізден басталады» бағыты
— Әлеуметтік маңыздылығы және қоғамға әсері — 20 балл;
— бастаманың практикалық жүзеге асырылуы — 20 балл;
— құжаттау сапасы (фото/видео/инфографика) — 15 балл;
— креативтілігі- 15 балл;
— композициясы және баяндау логикасы — 15 балл;
— визуалды стилі және ұсынылу сапасы — 15 балл.
8. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
1..Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
2..Конкурсқаиададағы жеңімпаздар саны қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
3. Конкурсқ жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
4..Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
9. Қаржыландыру
1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚДпҚББДҒӘО «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
2. Конкурсқа қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру, тамақтану) жіберуші жақтың есебінен төленеді.