Шахматтан «Ақбозат» Шығыс Қазақстан облысының 5-6 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

2025 жылғы 5 наурызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында шахматтан «Ақбозат» 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты — оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі;

ІІ орын – ««Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;

ІІІ орын – Тарбағатай ауданы «С.Көбеев атындағы мектеп-балабақшасы кешені» КММ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!