Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауыныңоблыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының жеңімпаздары қатысты.
Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) «Халық биі және халықтық стильденген би»;
2) «Заманауи би».
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын — «Әдемі-ай» үлгілі бишілер ансамблі, «Балалар музыка мектебі» КМҚК, Күршім ауданы;
IІ орын – «Шұғыла» хореографиялық тобы, «№1 музыка мектебі» КМҚК, Өскемен қаласы;
II орын – «Балауса» хореографиялық тобы, «Шығармашылық үйі» КМҚК, Үлкен Нарын ауданы;
IIІ орын – «Подснежники» хореографиялық тобы, «Жұлдыз» өнер мектебі» КМҚК, Өскемен қаласы;
IIІ орын – «Непоседы» хореографиялық тобы, «Қосымша білім беру № 19 мектеп-орталығы» КММ, Өскемен қаласы;
IIІ орын – «МузДвижение» хореографиялық тобы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК, Үлкен Нарын ауданы;
IIІ орын – «Ақтолқын» ән-би ансамблі, «Марқакөл балалар саз мектебі» КМҚК, Марқакөл ауданы.
І орын иегері фестиваль-байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысатын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!