2025 жылғы 6 наурыз күні Өскемен қаласының О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы базасында 5-6 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс екі кезеңде өткізілді: қашықтық және эстафета.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІ орын – «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы;
ІІІ орын – «Алтай қаласының № 6 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз!Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!