ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бейбіт күн жасасын», «Ер есімі – ел есінде» облыстық қашықтық сурет байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім мен байқау жұмыстары 2025 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.