Қазақстан Республикасы Х қысқы чемпионатының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қорытындысы

2025 жылғы 24 ақпан мен 01 наурыз аралығында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Х қысқы чемпионатына қатысты.

Чемпионаттың мақсаты — өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын насихаттау, өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту, Қазақстан Республикасында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 14 құрамасы жалпыкомандалық І орынды иеленді.

Жеке есепте:

. — Никита Боков — «№ 26 орта мектеп» КММ-нің 9 сынып оқушысы, 100 м қашықтықта кедергілермен жүгіруде орта топта аталған пән бойынша ҚР-ның жаңа рекордын орнатты;

— Кәрімов Радмир — «Көлiк және қауiпсiздiк колледжi» КММ студентi жоғары жастағы топта 100 м кедергiлермен жүгiру бойынша I орынды иелендi;

— «№ 19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ 9 сынып оқушысы Артем Виноградов шабуыл сатысымен көтерілуден ІІ орынды иеленді.

Қатысушыларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!