Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен 2025 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, стандартты емес ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру.
Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы жүлдегер атанды (I орын — 3, II орын — 3, III орын — 3 оқушы).
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!