Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» облыстық қашықтық эссе байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» облыстық қашықтық эссе байқауын өткізу ережесі (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, қаржыландыруын, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін, қатысушылар мен жеңімпаздарын анықтайды.

1.2. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

1.3. Байқау қашықтық форматта өткізіледі.

1.4. Байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес әскері мен кеңес халқының ерлігі мен батырлығын, ата-бабаларымыздың жауынгерлік және еңбектегі ерлігін жеке түсінумен, жақындарын жарқын жадында сақтайтын отбасылардың дәстүрлері мен тағдырын, еліміздің фашизмнен арылудағы рөлін түсіну арқылы тарихи естеліктерті сақтау.

1.5. Байқаудың міндеттері:

— оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу;

— оқушылардың Отан қорғаушылардың ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу;

— отбасылық дәстүрлерді нығайтуға ықпал ету;

— Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеңес әскері мен кеңес халқының ерлігі мысалында тарихи мұраны зерттеу;

— оқушылардың өзін-өзі дамытуға, олардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруға жағдай жасау;

— оқушыларда үйлесімді жазу қабілетінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ету;

— оқушылардың шығармашылық бастамасын дамытуға және әдебиет саласына деген қызығушылығын дамытуға ықпал ету;

— оқушылардың жеке, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Байқау бір кезеңде қашықтықтан келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:

1) «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде»;

2) «Ер есімі – ел есінде».

2.2. Ережемен бекітілген тақырыптарға мазмұны сәйкес келмейтін эсселер Байқауға қабылданбайды.

2.3. Тақырыпты Байқау қатысушысы таңдайды.

2.4. Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған Байқауға қатысу туралы өтінім (Қосымша 2) мен байқау жұмыстары 2025 жылғы 10 наурыз бен 01 сәуір аралығында konkurs.vko@mail.ru электрондық поштасына қабылданады (ескерту: «ЭССЕ» белгісін жазыңыз).

2.5. Байқау қорытындысы shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

3. Байқау қатысушылары

3.1. Байқауға оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Әрбір аудан, қала және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер Байқауға әр тақырып бойынша 2 жұмыстан қосымшада көрсетілген квотаға (Қосымша 2) сәйкес ұсынады.

4. Байқау жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

4.1. Байқау жұмысы белгіленген үлгі бойынша толтырылған Байқауға қатысу туралы өтінім болған кезде ғана қарауға қабылданады.

4.2. Байқау жұмысының көлемі А4 форматындағы екі беттен аспауы тиіс (титулдық бетті есепке алмағанда).

4.3. Эссені қазақ немесе орыс тілдерінде жазуға болады.

4.4. Байқауға эссе электрондық форматта қабылданады (баспа, сканерленген көшірме немесе қолмен жазылған жұмыстың анық фотосуреті, мысалы: PDF, JPEG, Microsoft Word (14 кегль, Times New Roman қарпі, көлемі 20 МБ аспайтын 1,5 жоларалық интервал).

4.5. Рәсімдеу шарттарын сақтамаған немесе белгіленген мерзімнен кешіктірілген жұмыстар Байқауда қаралмайды.

5. Байқау жұмысын бағалау критерийлері

5.1. Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

— тақырыпқа сәйкестігі – 0-ден 10 ұпайға дейін;

— эсседе авторлық позицияның болуы – 0-ден 10 ұпайға дейін;

— эссенің көркемдік ерекшелігі мен әдеби тілмен әсемделуі – 0-ден 10 ұпайға дейін;

— сөздік қоры, күрделі синтаксистік және грамматикалық құрылымдарды құра білу – 0-ден 10 ұпайға дейін;

— стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателіктердің болмауы, яғни әдеби тіл нормаларын сақтау – 0-ден 10 ұпайға дейін.

Қатысушының жинай алатын ең көп ұпай саны – 50.

6. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Байқау жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.

6.2. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Жеңімпаз дипломында оқушыны Байқауға дайындаған жетекшінің немесе мұғалімнің аты, тегі көрсетіледі.

6.3. Байқау қорытындысы 2025 жылғы 15 сәуірде шығарылады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.

7. Байқауды қаржыландыру

7.1. Байқауды қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.